Уалиев Сагиолла
13 08 1911 — 1956сержант
Восточно-Казахстанская область Зайсанскии район
1941
Дальний Восток
Соғыс басталғанда Сағиолла Уәлиев аскерге алынады, ол миллион сарбаздан асатын жапондық Квантун армиясы елімізге кез келген уақытта тап бергелі тұрған Қиыр Шығысқа аттанып, 1945 жылғы шешуші ұрысқа дейін сонда болады. Сол жылғы 9 тамыздан 2 қыркүйек аралығында жапондарға қарсы соғыстағы ерлыгы үшін Забайкалье әскери округінің қолбасшысы, Кеңес Одағының маршалы Р.Я.Малиновскийдің бұйрығымен сан рет алғыс, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен наградталып, туған елге аман-сау қайтады.