Байсугуров Сапар
_._.1923 — 1923-2000ст. сержант
Казахская ССР, Алма-Атинская обл., Джамбулский р-н, с. Кастек
1942-01-01
Туған жылы 1923 жылы 8 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған жылдары өз еркімен соғысқа аттанады. 1941 жылы 10 мамырда Ашхабад қаласындағы әскери пехота училищесіне қабылданады. 1942 жылдың сәуірі аралығында Ашхабад әскери техникалық училищесіне оқып, курсант білімін алады. 1942 жылдың 10 сәуірінде Алматы облысы Жамбыл ауданы әскери комиссариатынан соғысқа жіберіледі. 1942 жылдың маусымында осы жерден соғысқа аттанып, 1943 жылдың 29 қаңтарында оң қолынан жараланып отанына қайтып оралады. Соғыс кезінде Атқыштар Взводы командирінің орынбасары, аға сержант шеніне ие болады. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін Ұлы Отан соғысының І Даңқ 1692401, В-423346 және медаль «За отвагу», медаль «За победу над Германий», медаль «За о облестный труд», медаль «20 лет Победы в ВОВ», медаль «30 лет Победы в ВОВ», медаль «40 лет Победы в ВОВ», медаль «50 лет ВС СССР», медаль «55 лет Победы в ВОВ» және тағы да басқа Ұлы Отан соғысының медаль, құрмет ордендерімен және бірнеше рет марапаттауларға ие болды. Соғыстан оралғаннан кейін 1944-1947 жылы Алматы қаласы Абай атындағы ҚазПИ оқып бітіріп, Алматы қаласында қызмет етеді. 1950-1970 жылдар аралығында Алматы облысы Жамбыл ауданы Кастек ауылына қоныстанып, осы ауылда Кастек орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1967 жылы ақпан айының 20 бастап, «Ұлы Отан соғысының мүгедегі» деген Әскери дәрігерлік комисариаттың шешімімен әскерге жарамсыз деп табылады. 2000 жылдың 3 маусымында қайтыс болды.