Все участники вов

Кукушев Нурмахан

__.__.1921 — дд.мм.гггг
Место рождения

Казахская ССР, Кзыл-Ординская обл., Яны-Курганский р-н

История участника ВОВ

Көкішұлы Нұрмахан (1921ж-1989ж) Менің атам Көкішұлы Нұрмахан 1921 жылы Жаңақорған ауданы Егізқара ауылында дүниеге келген. Әке-шешесінен жастай жетім қалып, ағайындардың қолында өскен. Бастауыш білім алған,атам әрі қарай оқуға жағдайы келмей, күн көріс қамымен әр түрлі жұмыстар атқарған.Ұлы Отан соғысы басталғанда ол Жаңақорған қыстағында наубайхана жұмысшысы болып жүрген екен. 1942 жылдың күзінде бір топ жаңақорғандықтармен майданға аттанады.Екі айдай Ташкент қаласында дайындықтан өткен соң, Ресей жеріне эшоленмен жеткізіліп, соғысқа енеді. Екі адамға бір винтовқа, екі обойма потрон, бар қаруымыз осы ,- дейтін еді атам марқұм.Атам көп ұзамай қоршауда қалып, тұтқынға түседі. Неміс концлагерінде көп азапты бастан кешіреді.1944 жылы Италияға айдалып, одан бір топ тұтқындармен қашып шығып, антифашистердің көмегімен Югославияға Иосиф Броз Титоның партизандарына қосылады.Партизандар қатарында жүріп, соғысты аяқтап, 1946 жылы елге оралады.Елге келген соң сауаты аз болса да , еті тірлігінің арқасында Қосүйеңкі ауылындағы дүкенге сатушы болып орналасады.1947 жылы ажемiз Бекқұлқызы Бибажарға үйленіп, 1948 жылы Құрбанбек, 1950 жылы Базаркүл атты ұлды-қызды болады. 1950 жылы Сталиннің қанқұйлы саясатының пәрмені бойынша тұтқынға түскенін кінә етіп артып, НКВД сотымен 25 жылға сотталады. Тек 1955 жылы Сталин қайтыс болған соң ақталып, елге келеді.Одан соң 1958 жылға дейін Бірлік совхозының 3 фермасында Қауық учаскісінде жұмысшы болып еңбек атқарады.1958 жылы Аққұм станциясында темір жолшы болып орналасып , 1981 жылғы зейнеткерлікке шыққанша жұмыс жасайды. Еңбегінде абыройсыз болған жоқ. Қызылорда теміржол бөлімшесі бойынша «Өз мамандығының үздігі» атағын алған, бірнеше мәрте мақтау қағаздарын алды. Бірнеше бесжылдықтың озаты төсбелгілерімен марапатталды. Тоғыз ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп , ұлын-ұяға , қызын-қияға қондырды. Немере, шөбері сүйді. Көкішұлы Нұрмахан 1989 жылы 68 жасында дүниеден озды.